Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарында әлеуметтік нысандар құрылысына бөлінген миллиардтар талан-таражға түскен. Қазір «QazConstructions» компаниясының басшылығына қатысты ауқымды тергеу жүріп жатыр. Бюджет қаржысына халық игілігі үшін төрт спорт кешені мен жеті ауылға су құбыры салынуы тиіс еді. Алайда жоба қағаз жүзінде қалып, миллиардтар жекенің қалтасына кеткен. Күдіктілердің қатарында компанияның бұрынғы директорының орынбасары және Күршім аудандық мәслихатының депутаты бар.