Бүгінде дінаралық татулық пен келісімді сақтау маңызды мәселелердің бірі. Ел бірлігін сақтауда дін өкілдерінің рөлі зор. Осыған байланысты Түркістанда 18 қазан-Рухани келісім күніне орай келелі жиын өтті. Ондағы мақсат-дін саласы бойынша тәжірибе алмасу арқылы этносаралық тұрақтылықты сақтау жолдарын талқылау. Жиынға дін саласының ардагерлері мен түрлі діни конфессиялардың жетекшілері қатысты. Басқосуда бейбітшілік пен рухани келісімнің маңызы, сондай-ақ, қоғамдағы діни төзімділік пен бірлікті сақтаудың маңызы жайлы сөз қозғалды.