Елімізде жыл сайын 19-қазан құтқарушылар күні атап өтіледі. Осыған орай, ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев құтқарушыларды кәсіби мерекесімен құттықтады. Жиында Мемлекет басшысы соңғы жылдары еліміз бастан өткерген табиғи апаттардың ең ауыр салмағы құтқарушыларға түскенін атап өтті. Жалпы, төтенше жағдай кездінде қызметкерлер соңғы 5 жылда 225 мыңға жуық адамның өмірін сақтап қалған. Сондай-ақ шетелдегі гуманитарлық миссияларға да қатысты. Қазір құтқарушылардың әлеуметтік жағдайын жақсарту басты назарда. Екі жыл ішінде сала мамандарының еңбекақысы 77 пайызға өсіп, арнайы үстемеақы төленетін болды. Осындай шаралардың арқасында азаматтық қорғау саласының кадрлық әлеуеті артып келеді, – деді Президент.