Елімізде АИ-92 маркалы бензин мен дизель отынының бағасын көтеруге тыйым салынды. Бұл шешім инфляция тұрақталғанға дейін күшінде болады. Энергетика министрлігі, Бәсекелестікті қорғау агенттігі және өңір әкімдіктері жанармай бағасының өспеуін қатаң бақылауда ұстайды. Сонымен қатар Үкімет Президенттің тапсырмасына сәйкес, реформалардың халыққа тигізетін теріс әсерін азайту үшін бірқатар маңызды шешім қабылдады.