Түлкібас ауданында жасөспірімдер арасында волейболдан облыс чемпионаты өтті. Спорттық бәсекеге өңірдің аудан-қалаларынан 17 команда, 200-ге жуық жас спортшы қатысты. Тартысты өткен кездесулерде Арыс қаласының құрамасы барлық қарсыласынан басым түсіп, облыс чемпионы атанды. Сарыағаш ауданының командасы күміс жүлдені иеленсе, түлкібастық волейболшылар үздік үштікті түйіндеді. Айта кетейік, аталған чемпионатта көзге түскен үздік ойыншылар Шымкентте өтетін ел біріншілігінде Түркістан облысының намысын қорғайды.