Түркістанға даңқты спортшы Мұстафа Өзтүріктің отбасы келді. Қазақстанда таэквандо федерациясының негізін қалаған сайыпқыран саңлақтың туыстары тарихи орындарға зиярат жасап, рухани бабалар рухына тағзым етті. Келген қонақтарды қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы жеке қабылдады. Олардың арасында Германиядан арнайы келген Мұстафа Өзтүріктің қызы Неслихан Өзтүрік те бар. Ол Түркістанға алғаш рет келіп отыр.