Түркістан
EN

Жетісу облысында 8 жаңа су қоймасы салынады

15
17.10.2025

Жетісу облысында 2028 жылға дейін 8 жаңа су қоймасы салынып, 2930 шақырым канал қайта жаңартылады. Бұл туралы өңір тұрғындарымен кездескен Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов мәлімдеді. Жоба Ақсу, Көксу, Панфилов, Сарқан, Алакөл аудандары мен Талдықорған қаласын қамтиды. Сондай-ақ 236 шақырым су арнасы автоматтандырылып, 17 гидротехникалық нысанда зерттеу жүргізіледі. Кездесуде тұрғындар су үнемдеу технологияларын субсидиялау мен суару нормаларын қайта қарау мәселесін көтерді.