Оңтүстік өңірдің туберкулезге қарсы қызметіне – 100 жыл. Ғасыр бойы адамзат өміріне қауіп төндірген дертпен күресте алдыңғы шепте жүрген дәрігерлердің еңбегі ерекше. Осыған орай Түркістан қаласында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Онда туберкулезге қарсы күрестегі өңірлік тәжірибе мен әлемдік үрдістер талқыланып, сала ардагерлері мен үздік қызметкерлер марапатталды.