Түркістан
EN

Жаңа облыстар қашан құрылады?

126
24.03.2022

Премьер-Министр Әлихан Смайылов Абай, Ұлытау, Жетісу облыстарының құрылуы жергілікті тұрғындардың проблемаларын жедел шешуге мүмкіндік беретінін айтты. Сонымен қатар Үкімет басшысы өңірлер үшін мемлекеттік сатып алу тәртібін жеңілдету мәселесін пысықтауды тапсырды. Жаңа облыстарды құру бойынша жұмыстарды жедел ұйымдастыру үшін Ұлттық экономика министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, бір аптаның ішінде  тиісті Жол картасын енгізуді тапсырды.