Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев кезекті жеке қабылдау өткізіп, өңір тұрғындарының өтініш-шағымдарын тыңдады. Азаматтар негізінен білім, жұмыспен қамту, әлеуметтік қолдау және инфрақұрылым салаларындағы түйткілдерді көтерді. Мәселен, кейбірі еңбек ақысының төленбеуіне, білім ошағындағы ыстық тамақ сапасына және ауызсу тапшылығына шағымданды. Сондай-ақ мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мен мектептің атауын өзгерту мәселесі де қозғалды.Әрбір өтінішті мұқият тыңдаған Ертай Алтаев тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар беріп, тұрғындардың сұрақтарына заң аясында жауап берді. Бірқатар мәселе қабылдау барысында шешімін тапты.