Мегаполистердегі ауыл шаруашылығын өндірушілер мемлекеттік қолдаусыз қалуда

9
17.10.2025 00:02

Мегаполистердегі ауыл шаруашылығын өндірушілер мемлекеттік қолдаусыз қалып жатыр. Бұл туралы Сенат отырысында Алишер Сатвалдиев мәлімдеді. Айтуынша, мегаполистер аумағында егіс жұмыстары жүргізіліп, жылыжай шаруашылықтары дамып келеді. Алайда қолданыстағы нормативтік актілер қала жерлерін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер қатарына қоспайды. Салдарынан жер санаттары мен субсидиялау ережелері арасында алшақтық пайда болып, ауыл шаруашылығымен айналысатын қала шаруалары мемлекеттік қолдау жүйесінен тыс қалып отыр. Мәселен қазір Шымкент қаласының аумағының тек 54 пайызы ғана ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жатады. Ал Алматыда бұл көрсеткіш шамамен 15 пайыздай. Алишер Сатвалдиев осы олқылықтың орнын толтыру үшін қолданыстағы ережелерге өзгеріс енгізуді ұсынды.