Жаңа салық кодексінің нормаларын түсіндіру бойынша кеңес өтті

32
15.10.2025 20:12

Елімізде 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңартылған Салық кодексі күшіне енеді. Жаңа құжат салық жүйесін жеңілдетіп, шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталған. Осыған байланысты өңірлерде түсіндіру жұмыстары жалғасуда. Түркістанға жұмыс сапарымен келген ҚР Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов жаңа құжаттағы негізгі өзгерістерді таныстырды. Жиынға   облыстық мәслихат депутаттары, кәсіпкерлер мен қоғамдық ұйымдардың мүшелері қатысты. Кездесу барысын әріптесім Шынар Мұратхан әңгімелейді.