Астанада күзгі әскерге шақыру науқаны қарсаңында «Ел қорғау – нағыз ерлер ісі» әскери-патриоттық акциясы өтті. Шара аясында қатысушылар назарына әскери техника үлгілері, қару-жарақ және әскери киім көрмесі ұсынылды. Сондай ақ, кештің арнайы қонақтары шыдамдылық пен тәртіп жайлы сөз қозғады. Астана қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілі Ғани Артықовтың айтуынша, бұл жолы 50 азамат Жамбыл облысының Гвардейский кентінде мерзімді қызметін өтейді. Салтанатты кеш ұлттық әскери-патриоттық орталығы дайындаған концерттік бағдарламамен аяқталды.