Шымкентте онлайн хабар тарататын порностудия анықталды. Заңсыз қызмет ұсынумен айналысқандардың ісі мониторинг барысында әшкере болған. Бұл туралы полиция.кз порталы хабарлады. Пагондағылар әлеуметтік желіде сараптама жасап, жарты жыл ішінде барлық қажетті іздеу шараларын жүргізген. Нәтижесінде, Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында лас тірлікпен айналысқан 5 Қырғызстан және Қазақстанның 6 азаматы ұсталды. Олар жалдамалы пәтерлерге қоныстанған. Ұйымдасқан қылмыстық топтың әрбір мүшесінің өз міндетін болған. Күдікті ретінде 11 адам қамауға алынды.