Бұдан былай әкімдер өңірдегі құқықтық тәртіп жағдайына тікелей жауап береді. Бұл туралы мәжілістің жалпы отырысында ішкі істер министрі Ержан Сәденов мәлімдеді. Жиында министр мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген “құқық бұзушылық профилактикасы” туралы заң жобасын таныстырып, бір бағыттағы бес заң біріктірілетінін айтты.