Түркістан
EN

Түркістан облысында аграрлық секторды дамытуға биыл 48,5 миллиард теңге бөлінді

11
15.10.2025

Түркістан облысында аграрлық секторды дамытуға биыл 48,5 миллиард теңге бөлінді. Соның нәтижесінде егіс көлемі мен өнім сапасы артқан. Мәселен, жылыжайлардан осыдан екі жыл бұрын  78 мың тонна өнім алынған болса, биыл бұл көрсеткіш 101 мың тоннадан асып отыр. Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтың айтуынша, мемлекеттік субсидиялар өңірдің табысын арттырып қана қоймай, азық-түлік қауіпсіздігіне де ықпал етуі тиіс. Осы бағыттағы жұмыстар жалғаса бермек. Мал шаруашылығын дамытуға 25 бағыт бойынша қолдау көрсетілген. Осының арқасында асыл тұқымды мал жыл сайын артып келеді.