Биыл елімізде жастар практикасы бойынша 21,5 мыңнан астам адам тәжірибеден өтіп, тұрақты жұмысқа орналасқан. Оның алты мыңнан астамы — Түркістан облысының жастары. Бұл көрсеткіш бойынша өңір республикада көш бастап тұр. Бағдарламаға қатысушылардың басым бөлігі — білім, медицина және мемлекеттік қызмет саласының түлектері.