Сондай-ақ «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Төлеби ауданында кең көлемді сенбілік өтті. Іс-шараға екі жарым мыңнан астам тұрғын мен 24 техника жұмылдырылды. Тазалық жұмыстары барысында 63 тоннаға жуық қоқыс шығарылып, екі мыңға тарта ағаш көшеті отырғызылды. 12 ауылдық округке айлант, арша, ясен, туя және қарағаш көшеттерінен жалпы 29 мың түп ағаш егу көзделіп отыр. Бұл жұмыстар өңірдің экологиялық ахуалын жақсартуға және жасыл аймағын кеңейтуге бағытталған.