Елімізде ерін және таңдай жырығы дерті дендеп барады. Қазақстанда көрсеткіш бойынша Түркістан облысы – төртінші орында тұр. Ал өңірде оған операция жасайтын дәрігерлер жоқтың қасы. Науқастар ол үшін Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларына сандалуға мәжбүр. Енді облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастамасымен Түркістанға арнайы мамандар елордадан тартылып, күрделі оталар тегін жасалып жатыр.