Жыл басынан бері еліміздегі сауда көлемі 52,8 триллион теңгеге жетті. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 14,5 пайызға өскен. Сауда өсіміне ең көп үлес қосқан өңірлер қатарында Алматы, Астана, Шымкент қалалары мен Атырау және Қарағанды облыстары бар. Бұл туралы сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев бүгінгі үкімет отырысында баяндап, әсіресе, онлайн-сатылым көлемі артқанын атап өтті.