Түркістан
EN

Қонақүйден өрт шығып, 13 адам құтқарылды

58
14.10.2025

Атырауда қонақүйден өрт шығып, құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында 13 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Зардап шеккен 2 адам құтқарылып, жедел жәрдем қызметкерлерінің медициналық көмегі көрсетілді.  Мамандардың айтуынша қонақүй саунасының бу бөлмесі өртенген. Бүгінде тілсіз жалын толықтай сөндіріліп, өрттің шығу себебі анықталуда.