Өткен жылы Түркістан облысының аумағында улы газбен уланудың екі жағдайы тіркеліп, үш адам қаза тапқан, сондай-ақ, тағы үш адам жарақат алды. Мамандардың айтуынша, мұндай оқиғалар көбінесе тұрғын үйлерде қауіпсіздік талаптарын сақтамаудан туындайды. Қазіргі таңда өңір бойынша 598 елді мекен немесе 74 пайыз табиғи газға қосылған. Өңірде 17 газ инспекциясы жұмыс істейді. Ал Бәйдібек пен Келес аудандарында штаттық қызметкерлерді толықтыру жұмыстары жалғасуда. Сонымен қатар биыл облыста 11 мыңнан астам үйге газдан улануды анықтайтын құрылғылар орнатылған. Жылыту маусымында төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында облыстық Төтенше жағдай департаменті кешенді шаралар атқаруда.