Биылғы тоғыз айдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 4,4 пайызға өсті. Бұл межеленген көрсеткіштен айтарлықтай жоғары. Өсімге негізінен егін және мал шаруашылығының 3-4 пайызға өрістеуі себеп болған. Вице-министр Азат Сұлтановтың айтуынша, аграршыларға мемлекет тарапынан бұрын-соңды болмаған қолдау көрсетіліп, бұл саладағы өнім көлемін арттыруға мүмкіндік берген. Жыл соңына дейін ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі бұдан да арта түсуі мүмкін.