Түркістан
EN

Көршісін қасақана көлікпен қаққан

33
14.10.2025

Алматыда көршілер арасындағы дау қайғылы жағдайға ұласа жаздады. Жетісу ауданында ер адам өз көршісін әдейі көлікпен қаққан. Оқиға көпқабатты үйдің ауласында болған. Куәгерлердің айтуынша, жүргізуші жылдамдықты тежемей, көлігін тура адамға бағыттаған. Зардап шеккен азамат ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Ол отбасындағы жалғыз асыраушы екені анықталып отыр. Полиция оқиғаның себебін анықтап жатыр. Ал көршілердің сөзіне сенсек, бұл жанжал бұрыннан келе жатқан өзара келіспеушіліктің салдары болуы мүмкін.