Ақмола облысында астық жинау науқанының қорытынды кезеңі өтуде. Өңір диқандары 7 миллион тоннадан астам астық бастырып, егістік алқабының 94 пайызын жауын-шашынға ұрындырмай жинап алды. Орташа өнімділік гектарына 16,1 центнерге, ал кейбір шаруашылықтарда 60 центнерге дейін жетті. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, өңірде егіс құрылымын әртараптандыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізілуде. Соның нәтижесінде соңғы екі жылда майлы дақылдар егісі 2,5 есеге артып, алғаш рет 500 мың гектарға жетті.