Қазақстан дүниежүзілік EXPO 2025 Osaka көрмесінде бірінші орынды иеленді

9
13.10.2025 22:32

Қазақстан әлемдік аренада тағы бір мәрте абырой биігінен көрінді. Дүниежүзілік EXPO 2025 Osaka көрмесінде еліміздің павильоны «Көрме тақырыбын ашу» номинациясы бойынша бірінші орынды иеленді. 90-нан астам ел бақ сынаған бұл санатта Қазақстан экспозициясы мазмұны мен ерекше дизайны арқылы жоғары бағаланды. Павильонға келген 1,5 миллионнан астам қонақ еліміздің мәдениеті мен инновациялық әлеуетін таныды. Халықаралық көрмелер бюросының Бас хатшысы Димитри Керкентзес ресми сапармен келіп, оның ұйымдастырылу деңгейіне және экспозициялық шешіміне ерекше тәнті болды. EXPO-дағы Қазақстанның Ұлттық күні ұлы ойшыл Абайдың 180 жылдығына арналды. Бұл жеңіс – Қазақстанның ашық, сенімді және жаңашыл ел ретіндегі беделін тағы бір дәлелдеді