Түркістан
EN

Енді Қазақстанда әкімдердің жұмысы есірткіге қарсы күрес бойынша да бағаланады

112
13.10.2025

Еліміздегі  әкімдердің жұмысы енді  есірткіге қарсы күрес бойынша да бағаланатын болады. Бұл туралы ҚР Парламенті мәжілісінің көшпелі Үкімет сағатында айтылды. Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, енді әкімдердің рейтингіне жаңа өлшем енгізілмек. Сондай-ақ, бүгінде ел аумағында есірткі айналымына тосқауыл қою шаралары күшейтілген. Айта кету керек, есірткі заттарын медициналық емес мақсатта тұтынғандарға әкімшілік жауапкершілік енгізілген. Талапты күшейтудің нәтижесінде  3 600-ге жуық құқықбұзушылықтың жолы кесілді.