Түркістан
EN

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы сенбілікке облыс әкімі мен тұрғындар белсене қатысты

102
13.10.2025

Түркістан облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ауқымды сенбілік өтті. Жалпы, облыс көлемінде оған 50 мыңнан аса тұрғын қатысып, 17 мың ағаш егілді. Экологиялық бастамаға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров те қолдау білдіріп, «Парасат» саябағының  аумағында көшет отырғызды. Халықпен кездескен өңір басшысы , аймақты көгалдандыру мен жасыл желекті көбейту маңызды екенін атап өтті. Сондай ақ, тазалық жұмыстарына қала жастары да белсенді қатысты.