Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов жұмыс сапарымен Түркістанға келді. Достық үйінде өткен келелі жиынға «Ел бірлігі» депутаттық тобының мүшелері, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері мен этномәдени бірлестіктердің жетекшілері қатысты. Басқосуда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының отыз төртінші сессиясында жүктелген міндеттер мен жүзеге асып жатқан ауқымды жобалар талқыланды. Сондай-ақ, облыс көлемінде атқарылып жатқан қайырымдылық шаралары, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, медиацияның дамуы және жастардың ел тәуелсіздігіне қосып келе жатқан үлесі жайлы сөз қозғалды.