Түркістанда күзгі әскерге шақыру науқаны жалғасуда

157
2025.10.09

Түркістанда күзгі әскерге шақыру науқаны жалғасуда. Бұған дейін 480 жас Отан алдындағы борышын өтеуге аттанса, бүгін олардың қатарына тағы 38 сарбаз қосылды. Бұл – Қазақстан Республикасының Құрметті қарауыл ротасының әскери бөлімдеріне жіберілетін алғашқы лек. Ерлік пен елдік рухқа толы салтанатты сәтке тілшіміз де куә болды.