Елімізде ең төмен жалақыға қатысты шешім қабылданды. Сенат отырысында депутаттар “Дамушы елдерді ерекше ескере отырып, ең төмен жалақыны белгілеу туралы конвенцияны ратификациялау туралы” заң жобасын қабылдады. Бұл құжат Конституцияның алпыс бірінші бабының, төртінші тармағына сәйкес мақұлданды.Сенатор Әсем Рахметованың айтуынша, аталған конвенция ең төмен жалақы жүйесін енгізудің халықаралық стандарттарын белгілейді. Талаптарға сай, ең төмен жалақыны айқындау кезінде қызметкерлердің қажеттіліктері, өмір сүру құны мен экономикалық жағдайлар ескеріледі.Бұл қадам-әділ еңбекақы жүйесін қалыптастыруға, кедейлікпен күресуге және лайықты еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталған.