Қазақстандықтар енді Қатарда ресми түрде жұмыс істей алады

75
09.10.2025 18:44

Қазақстандықтар енді Катарда ресми түрде еңбек етуге мүмкіндік алды. Сенат қос мемлекет арасындағы жұмыс істеу тәртібін айқындайтын келісімді ратификациялады. Ел азаматтарының құқықтық қорғалуын қамтамасыз етіп, екі елдің өзара міндеттемелерін нақтылады. Енді Катарға жұмысқа барған азаматтардың жолақысы мен елге қайту шығындары өтеледі. Сонымен қатар, оларды тұрғын үймен, көлікпен, медициналық қызметпен және ақылы еңбек демалысымен қамтамасыз ету қарастырылған. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Асқарбек Ертаевтың айтуынша, Катарда әсіресе қазақстандық мұнайшыларға сұраныс артуы мүмкін.