Келесі жылдан бастап шаруалар суға төлемді онлайн түрде жасайды. Сондай-ақ «Қазсушар» мекемесімен арадағы келісімшарт та электронды жүйеге көшеді. Бұл судың бей-берекет сатылуына тосқауыл қою мақсатында қолға алынып отыр. Қазір жауапты министрлік өтінім қабылдау, келісімшарт жасау және төлем жүргізуге арналған арнайы жүйені әзірлеп жатыр. Оны қараша айында пилоттық режимде іске қосуды жоспарлануда. Жүйе қосылған соң шаруалар пайдаланған судың ақысын екінші деңгейлі банктердің қосымшасы арқылы төлей алады.