Түркістан облысында жыл басынан бері көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 11 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оның ішінде 3 723 шетел азаматы елде болу тәртібін сақтамаған. Бұл мәлімет облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен құқықбұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәжілісінде айтылды. Жиында көші-қон саласындағы заң бұзушылықтардың алдын алу, жол-көлік оқиғаларының азаюы және әлеуметтік бейімдеу шаралары талқыланды.