Түркістан
EN

Түркістан облысында мұнай өнімдерін сақтайтын заманауи қойма салынады

82
09.10.2025

Түркістан облысында жалпы құны 5 миллиард теңге болатын мұнай өнімдерін сақтайтын заманауи қойма салынбақ. Жобаны «ҚазМұнайГаз-Аэро» компаниясы жүзеге асырады. Бұл туралы облыс әкімі Нұралхан Көшеров пен компания бас директоры Ильдар Шамсутдиновтің кездесуінде белгілі болды. Жоба аясында сыйымдылығы 20 мың текше метр болатын қойма бой көтереді. Оның 12 мың текше метрі авиаотынға арналған. Нысан іске қосылған соң өңірдің отын қауіпсіздігі қамтамасыз етіліп, жолаушы және жүк тасымалы артады, сондай-ақ жаңа жұмыс орындары ашылады. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров жобаның көлік логистикасын дамыту мен өңірдің инвестициялық әлеуетін арттыруға зор үлес қосатынын атап өтті. Кездесу соңында тараптар жобаны жүзеге асырудың жол картасын әзірлеуге және ынтымақтастықты күшейтуге уағдаласты.