Түркістанда қазақ журналистикасының рухы қайта жаңғырды. Бүгін Халықаралық қазақ-түрік университетінде ел есінде мәңгі қалған Бейсен Құранбек атындағы стипендия иегерлері анықталды . Болашақ журналисттер арасында өткен сайыс жастарға тың серпін берді. Төртінші жыл қатарынан табысталып отырған 100 мың теңгелік стипендия – білім мен ізденіске, адалдық пен елге қызмет етуге бағытталған марапат. Биыл үздіктерді іріктеуде үміткерлердің кәсіби білімімен қатар, заманауи медиатрендтер мен жасанды интеллектті қаншалықты меңгергені де басты назарға алынды. Журналистика әлеміне жаңа леп әкелген жастардың жетістігі – Бейсен ағамыздың рухани мұрасының жалғасы іспетті.