Ал шариғат тірі адамның өмірін сақтау үшін қайтыс болған адамның ағзаларын алуға мүмкіндік береді. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Елбек Тасболатұлы мәлім етті. Оның айтуынша, Мүфтият бірнеше жыл бұрын осы мәселеге қатысты пәтуа шығарған.