Түркістанда білім сапасын арттыру мен қоғамдық тұрақтылықты сақтау мәселесі талқыланды. Оған құқық қорғау органдарының басшылары, аудан, қала әкімдері қатысты. Мәжілісте облыстағы білім беру мекемелерінде оқу процесін сапалы жүзеге асыру, қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтау мәселелері сөз болды. Биылғы 9 айда 7300-ден астам мұғалім біліктілік арттыру курстарынан өткен. Жыл соңына дейін бұл жұмыс жалғасады. Өңір басшысының айтуынша, барлық саладағы мәселелер тұрақты бақылауда болуы керек. Тұрғындарға қолайлы жағдай жасап, ел бірлігін нығайту бағытындағы жұмыстарды күшейту тапсырылды.