Бүгін Мәжілісте еліміздің өнеркәсіп және құрылыс министрі құрылыс туралы жаңа кодексті таныстырды. Бұл құжатта бірнеше өзгерістер бар. Мәселен, бұдан былай әр құрылыс нысанының жеке сәйкестендіру нөмірі болады. Одан бөлек жаңа ғимаратқа берілетін кепілдік 2 жылдан 10 жылға дейін ұзартылуы мүмкін.