Түркістан
EN

Фурманов каналы соңғы 40 жылда алғаш рет тазаланды

41
08.10.2025

Жамбыл облысында соңғы 40 жылда алғаш рет Фурманов каналы тазартылды. Бұл арна арқылы Шу өзенінің суы Түркістан облысының Созақ ауданына бағытталады. Қазір ұзындығы 52 шақырым болатын бөлігі тазартылып бітті. Жұмысқа 8 шынжыр табанды экскаватор мен екі тиегіш техника тартылған. Мамандар табиғатты қорғау мақсатында су беру маусымы басталғанға дейін тағы 70 шақырымнан астам аумақты тазалауды жоспарлап отыр. Нәтижесінде Шу өзені арқылы жүргізілетін экологиялық су жіберудің тиімділігі артып, Түркістан облысының Созақ ауданындағы экологиялық жағдай жақсарады деп күтіліп отыр.