Астанада Су кодексін іске асыру мәселесіне арналған семинар басталды. Жиында су саласының тұрақты дамуы мен су қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жаңа заңнамалар түсіндірілді. Төрт негізгі бағытты қамтыған басқосуда мемлекеттік басқару және стратегиялық жоспарлау жүйесі, су нысандарын қорғау, сондай-ақ елді мекендерді сумен жабдықтау мен су бұру мәселелері талқыланды. Мамандар Су кодексінің түрлі салаларда қалай қолданылатынын нақты мысалдармен түсіндіріп, оның тиімді жүзеге асуы су ресурстарын ұтымды пайдалануға жол ашатынын атап өтті.