Түркістан
EN

Жастардың құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған форум өтті

122
07.10.2025

Түркістанда жастардың құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған ерекше форматтағы форум өтті. «Құқықтық мәдениет – жарқын болашақ кепілі» атты жиынға қала әкімі, прокуратура өкілдері, имамдар мен психологтар, сондай-ақ жастар қатысты. Шара құқық бұзушылықтың салдары мен заңға құрметтің маңызын айқын көрсетті. Форум барысында жастар адамгершілік құндылық, әділдік пен жауапкершілік туралы ашық пікір алмасты. Ал спикерлер құқықтық сауаттылықты қалыптастыруда отбасылық тәрбие мен жеке тұлғаның сана-сезімінің рөліне тоқталды. Цифрлы қоғамдағы кибербуллингтен сақтану жолдарын түсіндірді.