Түркістан
EN

49 ескерткіш заңсыз орнатылған: министрлік дабыл қақты

120
07.10.2025

Елімізде 49 ескерткіш заңсыз орнатылған. Оның ең көбі Түркістан мен Қостанай облыстарында. Бұл туралы мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Ведомство басшысының айтуынша ескерткіштер тіпті, республикалық комиссияның мақұлдауынсыз орнатылып кеткен.