Бүгін Отырар ауданында Дүниежүзілік мақта күніне арналған «AQ-DALA» мерекелік шарасы өтіп жатыр. Жиында өңірдегі мақта шаруашылығының даму тарихы мен жетістіктері таныстырылып, ақ алтын өсіруші шаруалардың еңбегіне құрмет көрсетіледі. Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ұйымдастырылған бұл жиын еңбек адамы мен агроқұрылымдардың жетістігін насихаттауға бағытталған.