Түркістан
EN

Президент Түркі мемлекеттері ұйымының Цифрлық инновациялар орталығын құруды ұсынды

111
07.10.2025

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 12 - саммитінде цифрлық инновациялар орталығын құруды ұсынды. Ол жасанды интеллектті дамыту үшін Қазақстанда 400 мыңнан астам студенттің білім алғанын, арнайы зерттеу университеті ашылатынын айтты. Және Қазақстан түркі елдерінің жастарына гранттар бөлуге дайын екенін де мәлімдеді. Сондай ақ, көптеген елдердің шекараға бағынбайтын жаңа қатермен бетпе-бет келіп отырғанын алға тартып, ұйым аясында киберқауіпсіздік кеңесін құруды да ұсынды. Бұл бастама ұйымның халықаралық беделін арттыра түспек.