Түркістан
EN

Ұлттық ұланда алғаш рет «аға сарбаздар» институты енгізілді

63
07.10.2025

Ұлттық ұланда жаңа тәрбие жүйесі енгізілді. 5573 әскери бөлімінде алғаш рет «аға сарбаздар» институты құрылып, жүйе алғашқы нәтижесін беріп үлгерді. Мақсат — сарбаздардың тәртібін нығайтып, ұжымдағы ауызбіршілікті арттыру. Жаңа тәртіп бойынша қызмет барысында өзін жақсы қырынан көрсеткен, тәртібі мен жауапкершілігі жоғары сарбаздарға арнайы «аға сарбаз» мәртебесі мен үшінші дәрежедегі біліктілік сыныбы беріледі. Олар жас жауынгерлерге тәлімгерлік етіп,олардың  әскери ортаға бейімделуіне көмектеседі, тәртіп пен психологиялық ахуалды бақылап отырады. Ерекше белгі ретінде оларға қызыл-қоңыр түсті жолақ кеудеше табысталған. Бұл олардың мәртебесін айқындайды. Мамандардың айтуынша, жаңа жүйе сарбаздар арасындағы тәртіпті нығайтып қана қоймай, қызметке бейімделу процесін де жеңілдетпек.