Түркістан
EN

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 152 млн теңге ұрланған

64
07.10.2025

Ақмола облысында әлеуметтік осал топтар үшін салынуы тиіс тұрғын үйлердің құрылысына бөлінген қаржы талан-таражға түскен. Тергеу дерегінше, мердігер компания өкілдері «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында мемлекет қаржысын қалтаға басқан. Олар үш жыл бойына өздеріне жүктелген міндеттерді орындалмаған, жұмыс көлемі мен оның бағасын қолдан өсіріп,   жалған актілер тапсырған. Соның салдарынан мемлекетке 152 миллион теңге шығын келген. Сот санкциясымен күдіктілердің 100 млн теңгеден астам құны бар мүлкі есепке алынды.  Өздері қамауға алынып, іс сотқа жолданды.