Қазақстанда суару маусымы аяқталды. Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов вегетация кезеңінің қорытындысы бойынша аппарат кеңесін өткізді. Айтуынша, биыл егістік үшін үшін 11 млрд текше метрден астам су пайдаланылған. Оның 98%-ы оңтүстік өңірлерге тиесілі. Алматы облысында 136 мың гектар жер суарылып, шаруалардың қажетіне 1,6 миллиард текше метр су бөлінген. Жетісу облысында 140 мың гектар, Жамбылда 79 мың гектар жер суарылған. Ал Түркістан облысында шамамен 400 мың гектар жерге су жіберіліп, жалпы көлемі 3,4 млрд текше метр аумақ суландырылды.