Түркістан
EN

Сенаторлар әскерилерді азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесін көтерді

174
18.03.2022

Қаңтар оқиғасы кезінде Нұрсұлтанда 50 ге жуық әскери азамат тамақтан уланған. Оған себеп қарулы күштер сапасыз азық-түлікті тұтынады. Ал оған жауапты комерциялық ұйымдар. Осы мәселені бүгін сенат отырысында депутат Нұржан Нұрсипатов көтерді. Ол қаңтар оқиғасы күндерінде әлеуетті органдарда аутсорсингті қолдану елеулі қауіп-қатер төндіретінін айқын көрсеткенін атап өтті. Мысал ретінде Қазмұнайгаз-Аэро Нұрсұлтанда күн қатты суытып авиациялық отын қатып қалғанда ерітуге қауқарсыз болғанын айтады. Осыны ескерген ол Министрлер Кабинетінің басшысынан Қарулы Күштердегі, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардағы аутсорсингтің қазіргі жүйесіне кешенді талдау жүргізуді сұрады.