Түркістан облысында 50 инвестициялық жоба іске қосылып, 2 600 жұмыс орыны ашылған. Алдағы уақытта тағы 48 жоба жүзеге асырылып, 4 мыңға жуық жұмыс орынын ашу көзделіп отыр. Бұл жобалар құрылыс материалдары мен металл өнімдерін шығару, металлургия, машина жасау өндірісінде іске аспақ. Бұл жайында аймақ басшысы Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен жиында айтылды.